Accessibility links

Франция Ауғанстаннан 200-ге жуық сарбазын шығармақ


Франция президенті Николя Саркозидің Ауғанстандағы француз әскерилерімен кездесуі. 12 шілде 2011 жыл.
Франция президенті Николя Саркозидің Ауғанстандағы француз әскерилерімен кездесуі. 12 шілде 2011 жыл.
Франция алдағы айда Ауғанстаннан 200-ге жуық сарбазын шығарады.

Бүгін Парижде баспасөз мәслихатын өткізген Франция армиясының баспасөз хатшысы Терри Буркхард әлгі сарбаздар Ауғанстаннан қазан айының аяғына дейін шығарылады деп хабарлады.

Францияның Ауғанстанда 4 мыңға жуық сарбазы бар. НАТО жетекшілік ететін халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрамындағы француз әскерилері Ауғанстаннан 2014 жылы толықтай шығарылады деп жоспарланған.

Осы жылы Ауғанстанда 23 француз сарбазы қаза болды. Сөйтіп 2001 жылдан бері бұл елде қаза болған француз жауынгерінің саны 75-ке жетті.
XS
SM
MD
LG