Accessibility links

Иран президенті БҰҰ мінберінен АҚШ-ты айыптады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр.
Иран президенті Махмуд Ахмадинежад БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр.
Бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Иран президенті Махмуд Ахмадинежад "соғыс отын тұтатты" деп АҚШ-ты айыптап, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарды "АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстанға басып кіруіне сылтау болды" деп атады.

Иран президенті сөйлеп жатқан кезде АҚШ өкілдері мен бірқатар батыс дипломаттары Бас ассамблея өтіп жатқан мәжіліс залынан шығып кетті.

Сол күні БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері маңында бірнеше жүз адам БҰҰ Бас ассамблеясына қатысуға келген Иран президенті Махмуд Ахмадинежадқа қарсы шеру өткізді.

Америкада тұратын ирандықтар ассоциациясы ұйымдастырған шеруге келгендер Ирандағы адам құқықтарының аяққа тапталып жатқанын айыптап, "Ислам республикасы жойылсын! Ахмадинежад жоғалсын!" деп ұрандатты.
XS
SM
MD
LG