Accessibility links

Пәкістан: АҚШ одақтасын жоғалтып алуы мүмкін


Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар.
Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар.
Егер АҚШ Пәкістанды жөн-жосықсыз сынай беретін болса, онда әсіредіншіл бүлікшілермен күрестегі одақтасын жоғалтып алуы мүмкін деп ескертті Пәкістан сыртқы істер министрлігі.

Мұндай мәлімдемені Нью-Йоркте "Гео" телеарнасына берген сұқбатында Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар жасаған. Оның пікірінше, "дәл қазір Вашингтонның Пәкістан халқын кері қағатын жөні жоқ".

Оның бұл мәлімдемесі АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы Майк Малленнің айтқанына жауап іспеттес болды. Маллен Пәкістанның арнайы қызмет орындарын тәліптердің радикалды қанаты – Хаккани террористік тобымен байланысы бар деп айыптаған еді.

Ол қыркүйектің 13-і күнгі Кабулда АҚШ елшілігі мен тағы бірқатар мекемелерге қарсы шабуылды бүлікшілер Пәкістанның барлау қызметінің (ISI) қолдауымен жасаған деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG