Accessibility links

Владимир Путин президент сайлауына түспек


Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Единая Россия" партиясының жиынында мәлімдеме жасап тұр. Мәскеу, 23 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Единая Россия" партиясының жиынында мәлімдеме жасап тұр. Мәскеу, 23 қыркүйек 2011 жыл.
Ресейдің келесі президенті Владимир Путин болуы тиіс деген "Единая Россия" партиясының ұсынысын премьер-министр қабылдайтынын айтты.

Бүгін биліктегі партияның жылдық отырысында сөйлеген президент Дмитрий Медведев елдің келесі президенті Путин болуы тиіс деген ұсыныс жасады. Путин делегаттардың "оң реакциясына" алғысын білдіріп, оны "үлкен абырой" деп атады.

Ресейде наурыз айында президент сайлауы өтеді.

Бұдан бұрын премьер-министр Путин желтоқсанның 4-індегі парламенттік сайлауларда биліктегі партияның сайлау тізімін Медведев басқаратын болады деп мәлімдеген болатын. Путиннің айтуынша, ол Медведевпен бірге өздерінің болашақ рольдері жөнінде баяғыда-ақ келісіп қойған.
XS
SM
MD
LG