Accessibility links

Йеменде кемінде 16 адам мерт болды


Наразылық танытушылар үкіметке қарсы шеруге қатысты. Сана, 23 қыркүйек 2011 жыл.
Наразылық танытушылар үкіметке қарсы шеруге қатысты. Сана, 23 қыркүйек 2011 жыл.
Йемен дәрігерлерінің мәліметінше, бүгін үкімет күштері Сана қаласындағы оппозиция лагеріне шабуылдаған кезде кемінде 16 адам қаза болған.

Ел астанасындағы Өзгеріс алаңындағы лагерьде наразылық танытушылар бірнеше ай бойы президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп келген болатын.

Сауд Арабиясында үш ай емделген Салех жұма күні еліне оралып, Санадағы қақтығыстарды тоқтататын бітім жасалуын қалайтынын айтты.

Бірақ оның қарсыластары Салехтің оралуына байланысты елде бұдан да көп қан төгілуі мүмкін деп қауіптенетіндерін айтып отыр.

АҚШ Салехтің биліктен кетуін талап етті.
XS
SM
MD
LG