Accessibility links

АҚШ Йемендегі жағдайларға алаңдап отырғанын айтты


Санаадағы үкіметке қарсы шерулер президент Али Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етті. 23 қыркүйек. 2011
Санаадағы үкіметке қарсы шерулер президент Али Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етті. 23 қыркүйек. 2011
АҚШ Йемен еліндегі оқиғалар қатты алаңдатып отырғанын айтып, 33 жыл елді басқарған Али Абдулла Салехті орнынан кетуге шақырды.

Қаңтар айынан бері билікке қарсы наразылықтар жалғасып, режимнің ауысуын талап етуде.

Йемен жетекшісі Салех Сауд Арабияда үш ай емделіп, жұма күні еліне оралды. Өткен аптада үкіметке қарсы шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан 200-дей адам қаза болғаны айтылды. Сенбі күннің өзінде 40 адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG