Accessibility links

Польшада парламент сайлауының түпкілікті қортындысы шықты


Польша премьер-министрі Дональд Туск (ортада) өз партиясының сайлауда жеңіске жеткеніне шаттанып тұр. Варшава, 9 қазан 2011 ж.
Польша премьер-министрі Дональд Туск (ортада) өз партиясының сайлауда жеңіске жеткеніне шаттанып тұр. Варшава, 9 қазан 2011 ж.
Польшада қазанның 9-ы өткен парламент сайлауының түпкілікті нәтижесі жарияланды.

Польша орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, дауыс беру бюллетендері толық саналып болған соң, билік басындағы «Азаматтық платформа» либералдық партиясы сайлаушылардың 39 пайыздан астамының қолдауына ие болып, жеңіске жеткені айтылды.

Елдің бұрынғы премьер-министрі Ярослав Качиньскийді қолдайтын консервативтік партияның үлесіне 30 пайыз дауыс тиген.

Осы екеуімен бірге Польша парламентіне тағы үш партия өтті. Осы сайлауда саяси сенсацияға айналған Януш Паликоттың қозғалысы – 10 пайыз дауыс алса, Халықтық партия мен солшыл демократтар одағының әрқайсысына 8 пайыздан сәл астам дауыс бұйырды.

Дональд Туск бұрынғысынша Польша премьер-министрі қызметінде қала бермек. Оны қолдайтын «Азаматтық платформа» партиясы Халықтық партиямен коалициялық ынтымақтастық орнатпақ ниетте.
XS
SM
MD
LG