Accessibility links

Грекия қатаң экономикалық шаралар жасайды


Грекия қаржы министрі Евангелос Венизелос. Вашингтон, 25 қыркүйек 2011 жыл.
Грекия қаржы министрі Евангелос Венизелос. Вашингтон, 25 қыркүйек 2011 жыл.
Грекия қаржы министрі Евангелос Венизелостың мәлімдеуінше, ел үкіметі бүкіл еуро аумағына кесірін тигізетін дефолтты болдырмау үшін қатаң экономикалық шаралар жасайды.

Ол жексенбі, 25 қыркүйек күні Вашингтонда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагардпен кездескен кезде өз елінің бюджет шығындарын қысқарта беретінін хабарлады.

ХВҚ басшысы бұдан бұрын грек билігі халықаралық қауымдастықтан бөлінген сегіз миллиард еуро қаржылай көмекті алу шартын қалай орындағанын тексеру үшін Афиныға арнайы комиссия келетінін хабарлаған. Грекия ол көмекті алған соң мемлекеттік шығындарды азайтып, мемлекеттік активтерді жекешелендіруі керек.
XS
SM
MD
LG