НАТО өкілдерінің айтуынша, олардың әскери ұшақтары Ливияның биліктен қуылған президенті Муаммар Каддафидің туған қаласы Сиртке әуеден соққы берген.
Жексенбі, 25 қыркүйекте арасында әскери қару-жарақ пен көлік қоймасы бар сегіз объект бомбаланған. Ал Ұлттық өтпелі үкіметтің әскері Сирт қаласын шығыс, оңтүстік және батыс жағынан қоршап тұр.