Accessibility links

Стросс-Кан өзіне қарсы азаматтық істі қысқартуды сұрайды


Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан.
Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан.
Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канға қарсы Нью-Йорк қонақ үйінің қызметшісі Нафиссату Диалоның талап-арызы негізінде қаралмақшы азаматтық іс қысқартылуы тиіс дейді Стросс-Канның адвокаттары. Олар өз клиенттерінің дипломатиялық иммунитеті барын алға тартқан.

Биыл мамыр айында қонақ үй қызметшісі болып істейтін әйел өзін зорламақ болды деп, Доминик Стросс-Канның үстінен арыз түсірген еді. Бірақ оның берген куәліктеріне күмән келтірген Нью-Йорк соты Стросс-Канға тағылған қылмыстық айыпты тамыздың соңында алып тастады. Нафиссату Диало азаматтық талап-арыз түсіріп, Стросс-Каннан ақшалай өтемақы өндіріп алуды көздеп отыр.

Бұдан бөлек Стросс-Канның үстінен Францияда тағы бір әйел сотқа арыз түсірген. Тристан Банон есімді журналист осыдан бірталай уақыт бұрын өзін Стросс-Канның зорламақ болғанын айтып отыр. Бірақ Стросс-Кан бұл айыптауды да жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG