Accessibility links

Әлемдегі ауасы ең лас қалалар аталды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгісі.
Жер бетіндегі ауасы ең лас қала - Ирандағы Ахваз қаласы деп аталды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа есебінде.

Құжаттағы мәліметтерде ауасы ластанған қалалар арасында екінші орында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласы аталған. Ал тізімде үшінші болып - Иранның Санандаж қаласы тұр. Одан кейінгі орындарға Үндістанның Лудхиана және Пәкістанның Кветта қалалары жайғасыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ауа құрамында белгілі бір ұсақ бөлшектердің шамадан тыс көп болуы бұл қалалардың ауасын адамның тыныс алу жолдары үшін қауіпті етеді.
XS
SM
MD
LG