Accessibility links

Долинка түрмесінде тұтқындар жаппай денелерін тілген


Долинка елді мекеніндегі түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет)
Долинка елді мекеніндегі түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысындағы Долинка кентіндегі АК 159/11 колониясында жазасын өтеп жатқан тұтқындар дүйсенбі күні жаппай денелерін тіліп тастаған. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігіне қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облыстық басқармасының баспасөз хатшысы Наталья Горина хабарлаған.

Оның айтуынша, қыркүйектің 23-і күні колония әкімшілігі сотталғандардың жеке заттарының арасында тыйым салынған нәрселердің бар-жоғын тексеру үшін тінту жүргізбек болған. Тінтуге наразылық білдірген тұтқындарға қарсы «арнайы құралдар» қолданылған.

Осыдан кейін қыркүйектің 26-сы күні «сотталғандардың арасында тәртіпке мойынсұнғысы келмеген бір топ адам денелерін тіліп тастаған, оларға медициналық жәрдем көрсетілді, денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық» дейді Наталья Горина.

Бірақ өз денесіне зақым келтірген тұтқындардың саны қанша екендігі туралы айтылмайды.
XS
SM
MD
LG