Мәскеу билігі қазанның 12-і күні қала орталығында "Ашу күні" акциясын өткізуге келісім беріп, солшыл оппозицияның осындай жиын өткізу туралы өтінішін соңғы жарты жылда алғаш рет қанағаттандырды.
Наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі - "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцовтың айтуынша, Мәскеу билігі тек жиын өткізуге ғана рұқсат еткен, ал Орталық сайлау комиссиясы мен Ресей президенті әкімшілігінің ғимаратына дейін шерумен баруға келісім бермеген.
Ресейдегі бірқатар солшыл күштер әр айдың 12-і күні әлеуметтік талаптар айтып, үкіметке қарсы ұрандармен "Ашу күні" акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұған дейін биліктің рұқсатынсыз өткізілген осындай шараларды полиция күшпен тарқатып келген еді.