Accessibility links

Адвокат соттан Тимошенконы босатуды сұрады


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сотта отыр. 31 тамыз 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сотта отыр. 31 тамыз 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың адвокаты бүгін соттан Тимошенконы ақтауды сұрады.

Сәрсенбі күні Киевтегі сот отырысында соңғы сөзін айтқан Юрий Сухов прокурорлар Тимошенконың айыбын дәлелдей алмады, сондықтан ол түрмеден босатылуы тиіс деп мәлімдеді.

Оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенкоға қатысты сот маусым айында басталған болатын. Оған "2009 жылы Ресеймен газ келісімін жасағанда қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке көп шығын әкелді" деген айып тағылған.

Прокурорлар соттан Тимошенконы жеті жылға қамауды сұрады.

Тимошенко өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, оның саяси астары бар екенін айтады. Ол 2010 жылғы президент сайлауында қазіргі президент Виктор Януковичке қарсылас болған.
XS
SM
MD
LG