Accessibility links

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы «Стан - ТВ» журналистерін қудалауды айыптады


«Шекарасыз тілшілер» ұйымының белгісі.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымының белгісі.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы оппозициялық «Стан - ТВ» интернет-порталына қарсы қудалау мен қысымды айыптады.

«Ел билігі «Стан – ТВ» журналистері мен олардың әріптестерін қудалауды дереу тоқтатуы керек. Мұндай жалған әділет жүйесінен елдің беделіне нұқсан келеді», - делінген қыркүйектің 29-ы күні жарияланған халықаралық ұйымның мәлімдемесінде.

Осы аптада қазақстандық сот «Стан-ТВ» редакциясының кеңсесінің жұмысын тоқтатып, кеңсе ғимаратының үстіндегі интернет-антенналарды пайдалануды доғару туралы шешім шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің «Стан-ТВ» басшылығына қарсы сотқа берген талап-арызында кеңседегі температура мен электромагниттік сәуле бөлу деңгейі шекті шамаға сәйкес еместігі, ал редакция пайдаланып отырған интернетпен байланыстыратын құрылғының адамдардың денсаулығына зиянды әсер ететіндігі айтылған.
XS
SM
MD
LG