Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігіндегі тіркеуде жоқ мешіттер жабылуы мүмкін


Ош қаласының көрінісі. 28 қыркүйек 2011 ж.
Ош қаласының көрінісі. 28 қыркүйек 2011 ж.
Қырғызстанның билік орындары Ош облысындағы барлық мешіттердің ширегіне жуығы ресми тіркеуде жоқ болғандықтан жабылуы тиіс екендігін айтады.

Оңтүстік аймағы бойынша діни істер жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетекшісі Құрбанәлі Ұзақовтың мәлімдеуінше, комиссия тіркеуде жоқ мешіттерді жабу туралы тиісті құжатты жергілікті әкімшілікке жолдаған.

Ош облыстық қазыятындағылар (жергілікті мұсылмандар діни басқармасы - Азаттық радиосы) жергілікті мешіттердің барлығына имамдарды қазыят тағайындағанын, ал кейбір мешіттердің тіркеуде болмағандығында тұрған ешқандай қауіп жоғын алға тартады.

Қырғызстаның Ош, Жалалабад және Баткен облыстары ислам діні терең тамыр жіберген аймаққа жатады. Тек бір ғана Ош облысының өзінде 722 мешіт бар.
XS
SM
MD
LG