Accessibility links

Йеменде тағы бір террорист өлтірілген болуы мүмкін


Йеменде өлтірілген ең қауіпті терроршылардың бірі Әнуар әл-Аулаки
Йеменде өлтірілген ең қауіпті терроршылардың бірі Әнуар әл-Аулаки
Йеменде пилотсыз басқарылатын ұшақтың шабуылынан "Әл-Қаиданың" бомба жасаушысы Ибрахим әл-Асири де қаза тапқан болуы мүмкін деп хабарлайды АҚШ ресми өкілдері. Бұл ақпарат тәуелсіз түрде әлі расталған жоқ.

Жұма күнгі әлгі шабуылда ең қауіпті терроршылардың бірі Әнуар әл-Аулакидың өлгені туралы хабарланған еді.

Саудиялық бомба жасаушы Әл-Асири осыдан екі жыл бұрын Рождество мерекесі күні жасалмақшы болған шабуыл үшін жарылғыш заттарды дайындаған делінеді. АҚШ билік орындары 2009 жылдың желтоқсан айында жоспарланған шабуылдың алдын-алғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG