Accessibility links

Қазақ ғарышкерінің алғаш ғарышқа ұшқанына 20 жыл толды


Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.
Осыдан 20 жыл бұрын Тоқтар Әубәкіров алғашқы болып ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері атанған. Ғарышкер Әубәкіров төл мерекесін қазанның 2-сі күні мейрамханада атап өтетінін айтты.

1991 жылғы қазанның 2-сінде ғарышқа көтеріліп, қазақтың атын шығарған Тоқтар Әубәкіров екінші рет ғарышқа ұшқысы келгенін айта келе, сол кезде Назарбаев "Бізге бір Гагарин жетеді" деген шешім қабылдап қойды деді Азаттыққа берген сұқбатында.

Жақында Қазақстандағы бірқатар қоғамдық және саяси қайраткерлер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдап, Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанын ерлік деп бағалап, ол күнді Қазақстанның ғарыш күні деп жариялауды сұраған.
XS
SM
MD
LG