Accessibility links

Йемен әскерінің ұшағы сарбаздарды атқылады


Йемен президенті Али Абдулла Салех халыққа жолдау жасады. 25 қыркүйек .2011
Йемен президенті Али Абдулла Салех халыққа жолдау жасады. 25 қыркүйек .2011
Йеменнің әскери өкілдерінің хабарлауынша, йемендік соғыс ұшағы елдің оңтүстігіндегі әскерлер баспанасын қателесіп атқылап, ондаған сарбаз қаза тапқан. Бірақ Салех үкіметі соғыс ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарды жоққа шығарды.

Атын атамаған қауіпсіздік қызметкері әскери ұшақ Абиян провинциясы аймағындағы әл-Қаида жауынгерлерін нысанаға алуы керек болған, бірақ президент Али Абдулла Салехке қызмет етуден бас тартқан 119-ші әскери бөлімшенің сарбаздарын атқылаған деді.

Бұл аймақта Зинжибар қаласын басып алған бүлікшілер мен әскерилер арасында қақтығыстар болған.
XS
SM
MD
LG