Accessibility links

Қазақстан шетел инвесторларға арнайы жеңілдіктер бермекші


«Арселор Миттал Теміртау» зауыты. (Көрнекі сурет)
«Арселор Миттал Теміртау» зауыты. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ел экономикасына шетел инвесторларын тарту үшін арнайы жеңілдіктер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Астана үкімет отырысында Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Оның сөзінше, стратегиялық инвестициялық жобалар үшін қолданылатын жеңілдіктер тізбесі әр жоба бойынша дербес белгіленбек, ол тізім үкімет қаулысымен бекітілетін болады.

Министрдің айтуынша, шетелдік тікелей инвестиция тарту бойынша ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында тұрған Қазақстанға былтыр 5 мыңға жуық шетелдік инвесторлар келсе, биылғы жылдың 8 айында 10 мың шетелдік инвестор елде болып қайтқан.
XS
SM
MD
LG