Accessibility links

Ауған министріне жасалған шабуылдан үш адам мерт болған


Жарылыс болған автокөлік қаңқасы. Қандағар, 8 мамыр 2011 ж. (Көрнекі сурет)
Жарылыс болған автокөлік қаңқасы. Қандағар, 8 мамыр 2011 ж. (Көрнекі сурет)
Бүгін таңертең Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында елдің шекара және тайпа істері жөніндегі министрі Асадулла Халедтің көлігін нысана еткен жанкештілік шабуыл жасалғаны туралы хабарланды.

Қандағар провинциясы полиция басқармасының басшысы Абдул Разиқтың айтуынша, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат оннан кете министрді алып жүрген автокөліктер жанынан өтіп бара жатқанда жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.

Жарылыс салдарынан бейбіт тұрғындардан 2 адам қаза тауып, 19 адам жараланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар екендігі айтылады. Сондай-ақ жанкештінің өзі де мерт болған.

Ал министр мен оның жанына еріп жүргендер аман қалған.
XS
SM
MD
LG