Accessibility links

"Амнести интернешнл" шетелдегі сириялық диссиденттерді қорғауға шақырды


"Амнести интернешнл" құқық қорғау ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" құқық қорғау ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" халықаралық құқық қорғау ұйымы отанынан сырт жақта жүрген сириялық диссиденттері Сирияның шет елдердегі елшіліктерінің өкілдері тарапынан қудалауға түсіп отырғанын айтып, батыс мемлекеттерін сириялық диссиденттерді қорғауға шақырды.

Сириядағы халық толқуын қатыгездікпен басып-жаншыған Дамаскінің қылығына наразылық білдіріп шет елдерде шеруге шыққандарды сириялық елшілік қызметкерлері фотоға түсіріп, кейін оларға қоқан-лоққы жасағаны туралы айтылып отыр.

"Амнести интернешнл" ұйымы Сирия дипломаттарының әлемнің сегіз елінде тұрып жатқан 30-дан астам сириялық диссиденттерден наразылық акциясына шықпауларын талап етіп, қорқытып-үркіткені туралы деректер келтіреді. Ал кейбір жағдайларда, шетелде тұратын диссиденттердің Сириядағы туған-туыстарының қудалауға ұшырағаны айтылған.

Сирияда президент Башар Асадтың биліктен кетуін талап еткен халық толқулары басталған наурыз айынан бері елде қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарда 2600-ден аса адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG