Accessibility links

Грузия мен Ресей өкілдері Женевада кездесіп жатыр


Ресей мен Грузия бүгін Женевада жаңа келіссөздерді бастап отыр.

Осыдан төрт ай бұрын Тбилиси егер Мәскеу "террор науқанын" тоқтатпаса, болашақтағы келіссөздерге қатыспайтынын айтқан болатын.

Еуропа Одағы, БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы арағайындық жасайтын бұл келіссөздер 2008 жылдан бері жалғасып келеді. Оның мақсаты Грузияның екі жікшіл аймағы - Абхазия мен Оңтүстік Осетияға байланысты болуы мүмкін тағы бір қақтығыстың алдын-алу.

2008 жылдың тамыз айындағы соғыстан кейін Ресей аталмыш екі аймақты тәуелсіз елдер деп мойындаған болатын. Бұл қадамды Грузияның батыстағы одақтастары айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG