Accessibility links

Бұрынғы "Юкос" вице-президенті 39 жасында қайтыс болды


Бұрынғы "Юкос" вице-президенті Василий Алексанян Мәскеудегі сотта. 1 ақпан 2008 жыл.
Бұрынғы "Юкос" вице-президенті Василий Алексанян Мәскеудегі сотта. 1 ақпан 2008 жыл.
Бұрынғы "Юкос" компаниясы басшыларының бірі болған Василий Алексанян қайтыс болды.

39 жастағы Алексанянның дүйсенбі күні Мәскеудегі пәтерінде дүниеден өткені туралы оның туыстары бүгін интернеттегі "Дождь" телеарнасына хабарлаған.

"Юкос" мұнай компаниясының вице-президенті болған Алексанян 2006 жылы "қаржы жымқырды" деген айып бойынша түрмеге жабылған болатын. Сонымен қатар ол "Юкостың" иесі Михаил Ходорковскийдің адвокаты болған.

СПИД дертіне шалдыққан Алексанян түрмеде туберкулезбен ауырып, 2008 жылы кепіл ақшаға азат етілген еді.
XS
SM
MD
LG