Accessibility links

«Время» журналисі "мемлекеттік құпияны жариялады" деп айыпталды


«Время» газетінің журналисі Геннадий Бендицкийдің мақаласындағы мәліметтер қылмыстық істің қозғалуына негіз болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Оның алдында «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы Вендицкийге «мемлекеттік құпиясы бар ақпаратты таратты» деген айып тағылды деп хабарлаған болатын. Бұл ұйымның мәліметінше, бас прокуратура мен тергеу комитеті газет редакциясына хат жолдап, Бендицкийдің тергеу орындарына келуін талап еткен. Журналистің өзі қылмыстық іс жөнінде ешқандай құжат алмағанын айтып отыр.

Қылмыстық істің қозғалуына Бендицкийдің тамыз айында жариялаған «Большая утечка» атты мақаласы себеп болған деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG