Accessibility links

Қытай мен Ресей Сирияға қатысты БҰҰ қарарына вето қойды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
Қытай мен Ресей Сирияға қатысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қойды. Қарарда Сирия билігі оппозицияға қарсы қуғын-сүргінді тоқтатпаған жағдайда ресми Дамаскіге қарсы санкция жарияланатындығы айтылған.

Қарарды БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тоғыз мүшесі жақтап, төртеуі қалыс қалған. Бұл қарар жобасын Ұлыбритания, Германия және Португалиямен бірлесіп Франция ұсынған еді. Оған АҚШ қолдау білдірген.

Оның алдында, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие Ресей мен Қытай дипломаттары Сирияға қарсы санкция енгізуді қолдамайтындарын мәлімдеп, құжатқа ол елдің ішкі ісіне араласуға болмайтындығы туралы бап қосуды талап еткен.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда қазіргі билікке қарсы жаппай халық наразылығы басталған уақыттан бері үкімет күштерімен қақтығыстарда екі жарым мыңнан астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG