Сауд Арабиясының шийттер басым тұратын шығыс аймағында сейсенбі күні наразылық акциясына қатысушылар мен полиция арасында қақтығыс болып, кемінде 10 адам зардап шеккен.
Жергілікті тұрғындар өздері кінәсіз санайтын екі белсендінің қамауға алынуымен келіспей, бірнеше күннен бері наразылық білдіріп жатыр.
Дәл осы аймақтағы Катиф қаласында биыл наурызда наразылық акциясына шыққандар мен полиция күштері қақтығысқан еді. Ол жолы қауіпсіздік күштері наразылықтың жаппай шеруге ұласуына жол бермей, басып тастаған.
Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі қазіргі наразылық акциясы "шетелдік мемлекеттің дем беруімен жасалып отыр" дейді.