Accessibility links

«Қазатомөнеркәсіп» өкілі 2021 жылға дейін Қазақстанда АЭС салынуы мүмкін дейді


«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясың белгісі. (Көрнекі сурет)
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясың белгісі. (Көрнекі сурет)
«Қазақстанда алдағы 10 жылдың ішінде атом электр станциясы салынуы мүмкін» деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан VI Kazenergi Еуразиялық форумында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының вице-президенті Сергей Яшин.

«Алдағы уақытта бізге еліміздің қуат саласындағы атом энергетикасының рөлі мен орнына қатысты мәселені нақтылап, атом станциясы салынатын орынды белгілеу керек. Атом энергиясын қолдану шараларын реттейтін нормативті заңнамаларға қатысты кешенді шараларды жүзеге асырып, атом станциясын салу ісіне қазақстандық компанияларды қатыстыру мүмкіндігін шешу қажет» деді Сергей Яшин.

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы ұсыныс көптен бері айтылып келеді. Алайда экологтар мен кейбір қоғамдық ұйымдар оған қарсы.
XS
SM
MD
LG