Accessibility links

Құрбан айтқа дейін Байқоңырда жаңа мешіт ашылмақ


Байқоңыр ғарыш айлағы. (Көрнекі сурет)
Байқоңыр ғарыш айлағы. (Көрнекі сурет)
«Байқоңырда жаңа мешіт құрылысын алдағы қараша айында болатын Құрбан айт мейрамына дейін аяқтау жоспарланып отыр» деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Қала әкімшілігінің айтуынша, ғарыш айлағына кірер тұсқа саланатын жаңа мешіт 400 адамға арналған, биіктігі 24 метрлік қос мұнарасы, кітапханасы мен асханасы болады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құны 1 миллион доллар бұл жоба «Возрождение» қоғамдық қоры арқылы қаладағы кәсіпорындар, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардан түскен ақшаға салынып жатыр.
XS
SM
MD
LG