Accessibility links

Израильдік химик-ғалым Даниэль Шехтман Нобель сыйлығына ие болды


Израильдік химик-ғалым Даниэль Шехтман.
Израильдік химик-ғалым Даниэль Шехтман.
Химия саласындағы ашқан жаңалығы үшін 2011 жылғы Нобель сыйлығы израильдік ғалым Даниэль Шехтманға берілді. Бұл туралы Нобель сыйлығын тағайындау комитеті хабарлады.

Осылайша ғылым салалары бойынша Нобель сыйлығының биылғы иегерлері анықталып болды. Бұған дейін медицина және физика салалары бойынша осы сыйлыққа кімдердің ие болғандығы мәлім болған еді.

Енді бейсенбі күні - әдебиет саласында, ал жұма күні әлемдегі бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына лайықты деп танылғандардың есімдері белгілі болмақ.

Ал экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері қазанның 10-ы күні жарияланады.
XS
SM
MD
LG