Accessibility links

Үшінші тоқсанда Ресейден 18,7 миллиард доллар шетке кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Ресейден шетелге кеткен жеке капиталдың көлемі 18,7 миллиард долларды құраған.

Бұл туралы Ресей орталық банкі хабарлады. Осылайша, 2011 жылдың тоғыз айында Ресейден шетке кеткен қаржы мөлшері елге келген қаржыдан 49,3 миллиард долларға артып отыр.

Ресей орталық банкі 2011 жылы Ресейден сыртқа кететін капитал көлемі 36 миллиард доллар болады деген болжам айтады. Былтыр ондай көрсеткіш 34 миллиард долларты құраған еді.
XS
SM
MD
LG