Accessibility links

«Шекарасыз тілшілер» түркімен журналисінің тағдырына алаңдаушылық білдірді


Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 ж.
Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде 2011 ж.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымы Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі Дәулетмұрад Язкулиевтің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Халықаралық ұйым Язкулиев журналистік зерттеу жүргізгені және интернетте мақала жариялағаны үшін қолдан жасалған айып бойынша қудалауға түсіп жатыр дейді.

43 жастағы Дәулетмұрад Язкулиев биыл Ашғабаттың маңында қару-жарақ қоймасында болған жарылыстың жай-жаспары туралы түркімен журналистерінің арасында алғаш болып хабар таратқан еді.

«Азат Еуропа/Азаттық» радиосының президенті Стив Корн бұл сот ісі журналистің "біржолата үнін өшіру мақсатында жасалып отыр" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG