Accessibility links

Палестина ЮНЕСКО ұйымына толық мүше болғысы келеді


ЮНЕСКО ұйымының белгісі.
ЮНЕСКО ұйымының белгісі.
Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНЕСКО) атқару комитеті бас конференцияның қарауына осы ұйымға толыққанды мүше болғысы келген Палестинаның өтінішін шығармақ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мұндай шешімді "түсініксіз" деп атап, бұл АҚШ тарапынан осынау халықаралық ұйымға бөлінетін қаржының қысқаруына апарып соғуы мүмкін екендігін ескертті.

Әлемдік қауымдастыққа өзін тәуелсіз мемлекет ретінде мойындатқысы келетін Палестина осы мақсатта ЮНЕСКО ұйымына мүше болуға ынта танытып отыр. Осы мазмұндас ресми өтінішті Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас өткен айда БҰҰ-на табыс еткен еді. Израиль мен АҚШ бұған келіспей отыр. Вашингтон Палестинаға мемлекет құру мәселесін Израильмен келіссөздер арқылы шешуді ұсынып, бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен.

1974 жылдан бері ЮНЕСКО жұмысына бақылаушы ретінде қатысып келе жатқан Палестина автономиясын толыққанды мүше етіп қабылдау үшін ұйымға мүше 193 мемлекеттің үштен екісі ол ұсынысты жақтап дауыс беруі қажет. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет туралы бас конференциясы қазанның 25-і мен қарашаның 10-ы аралығында Франция астанасында өтеді.
XS
SM
MD
LG