Албания, Босния, Македония, Словения, Хорватия және Черногория қорғаныс министрлерінің кеңесінде Балкан елдерінен Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін жаттықтыру үшін арнайы топ жіберу туралы шешім қабылданды.
Балкан елдерінен баратын топ Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық күштер құрамында іс-әрекет ететін болады деп хабарланды. Ауғанстандағы НАТО күштері қазір ауған әскерилері мен полиция күштерін жаттықтыруды басым міндет етіп қойып отыр.
Ауған әскері мен полициясының жиынтық саны қазір 306 мың адам, алдағы жылы олардың қатарын 360 мыңға жеткізу жоспарланған.