Accessibility links

Литва президенті Кедендік одақты саяси одаққа айналдырмауға шақырды


Литва президенті Даля Грибаускайте.
Литва президенті Даля Грибаускайте.
Литва президенті Даля Грибаускайте Кедендік одаққа мүше елдерді бұл ұйымды саяси одаққа айналдырмауға шақырды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Қазақстанда ресми сапармен жүрген Литва президенті бұл туралы бүгін Астанада екі елдің кәсіпкерлерінің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда мәлімдеген. Оның пікірінше, Кедендік одақтың «менмендіктің немесе өзгедей мүдделердің саяси кепіліне» айналмауы маңызды.

«Сіздердің елдеріңіз бұл одақтың саясилануына жол бермеуге немесе жұмсарту үшін саяси тұрғыдан осы одақта үлкен роль атқара алады, яғни кедендік одақ кедендік ұйым күйінде қалғаны жөн», - деген Литва президенті.

Ол сонымен бірге Кедендік одақтың нығаюы жүк тасымалын жақсартады деген үміт білдірген.

Кедендік одаққа Беларусь, Ресей және Қазақстан мүше.
XS
SM
MD
LG