Ливия уақытша үкіметінің күштері биліктен құлатылған Муаммар Каддафидің туған қаласы Сирттің кей аудандарын өз бақылауына алғандарын хабарлады.
Ұлттық өтпелі кеңестің әскерилері жұма күні Сиртке қаланың барлық жағынан шабуылдады. "Әл Жазира" телеарнасының хабарлауынша, соңғы қақтығыстарда уақытша үкіметтің кемінде он жауынгері қаза болып, 120 сарбаз жараланған. Сонымен қатар НАТО ұшақтары да Сирт қаласын нысанаға алған.
БҰҰ өкілі Ян Мартин екі жақты адам құқықтарын сыйлап, ұлттық татуласуға шақырды
Муаммар Каддафидің қайда екені белгісіз.