Accessibility links

Жапония шетелдік туристерге 10 мың ұшақ билетін тегін ұсынбақшы


Токиодағы Синдзюку ауданының көрінісі. (Көрнекі сурет)
Токиодағы Синдзюку ауданының көрінісі. (Көрнекі сурет)
Жапон үкіметі келесі жылы елге келетін шетелдік 10 мың туристке ұшақ билетін тегін ұсынбақшы. Бұл туралы ақпарат жапондық "Иомиури симбун" газетінде жарияланды.

Тегін билетке ие болуға тілек білдірген шетел азаматтары интернет арқылы арнайы сайттағы тиісті анкетаны толтырып, Жапонияның қай жерінде болғысы келетіндерін көрсетулері тиіс.

Биыл наурызда болған зілзала мен соның салдарынан туындаған алапат цунамиден соң Жапонияға келетін шетелдік туристер легі бірден 50 пайызға азайып кеткен еді. Тек арада біршама уақыт өткенде бұл саладағы көрсеткіш біртіндеп жақсара бастаған деп жазады жапон басылымы.
XS
SM
MD
LG