Accessibility links

Астанада жатақхана өртеніп, 55 адам басқа жерге көшірілді


Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)
Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)
Дүйсенбіге қараған түні Астанада үш қабатты жатақханада өрт шықты деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, ғимараттың бірінші қабатындағы ағаш қабырғасы өртенген.

«Жалын көлемі 6 шаршы метрді қамтыған. 55 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт салдарынан түтінге уланып қалған бір жасқа толмаған сәби мен 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді», - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Өртке қарсы күрес қызметінің 20 адамы және 5 техникасының күшімен өрт сөндірілген.
XS
SM
MD
LG