Accessibility links

Еуро Одақ Иран мен Беларуське қысымды көбейтпекші


Еуропа одағының сыртқы істер министрлері адам құқықтары сақталмай отырған екі ел – Иран мен Беларусь режимдеріне қарсы санкцияларын ұлғайтпақшы.

Люксембургте кездесіп жатқан министрлері Еуропаға одағына кіруге тыйым салынған 32 ирандықтың санын екі есеге көбейтіп, олардың одақ кеңістігіндегі есеп-шоттарын жауып тастамақшы.

Еуропа министрлері сонымен қатар одаққа кіруге шек қойылған Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жақын 192 өкілдің қатарын да көбейтуді көздеп отыр.

Беларусь билігіне қарсы санкциялар қазан айының соңында аяқталатын болғандықтан, еуропалық министрлері оны тағы бір жылға созайын деп отыр.
XS
SM
MD
LG