Accessibility links

Иран BBC-мен байланысы үшін деп ұстаған 2 режиссерді босатты


Иранның жартылай ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, өткен айда BBC-дің парсы тілді қызметімен байланысты деген күдікпен ұсталған екі режиссер қамаудан шықты.

Нассер Саффариан мен Мохсен Шахрназ бостандыққа шыққаны туралы жазған ақпарат агенттігі дәл осындай айыппен қамалған тағы 4 кинорежиссері туралы мәлімет келтірмеді.

Тегеран BBC қызметін Британияның барлау агенттігіне жұмыс істеп, Иран диссиденттері арқылы елдің шырқын бұзбақшы деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG