Accessibility links

Қытайда мұнай өндіруге жаңа салық енгізілді


Далянь қаласы маңында суға төгілген мұнайды жинап жүрген қытай жұмысшылары. Ляонин провинциясы, 27 шілде 2010 ж.
Далянь қаласы маңында суға төгілген мұнайды жинап жүрген қытай жұмысшылары. Ляонин провинциясы, 27 шілде 2010 ж.
Қытай үкіметі елдегі кедей аймақтарды дамыту мақсатында мұнай және өзге де шикізат түрлерін өндіруге жаңадан салық енгізді.

Бұл жаңа салық осыған дейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы мұнай өндіру саласында тәжірибе ретінде қолданылып келсе, енді соның негізінде бүкіл ел көлемінде міндетті салық болып енгізіліп отыр.

Қытай билігі бұл салық "шалғай аймақтарда тұратын халықтың тілегін ескеріп" қолданысқа енгізіліп отырғандығын мәлімдеді. Шыңжаң, Тибет және басқа аймақтардың тұрғындары өз өлкелеріндегі жер қойнауынан алынған табиғи байлықтың игілігін көре алмайтындығына наразы болып келген еді.
XS
SM
MD
LG