Accessibility links

Путин Қытайға барды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао. Бейжің, 11 қазан 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао. Бейжің, 11 қазан 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Қытайға екікүндік сапары басталды. Бүгін ол Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябаомен, ал сәрсенбіде президент Ху Цзиньтаомен кездеседі.

Ресей ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, екі жақ құны 7 миллиард АҚШ доллары болатын бірнеше келісімге қол қоймақ.

Путин 160 мүшесі бар ресейлік делегацияға жетекшілік етіп отыр. Қытайдағы келіссөздер барысында негізінен газ және сауда мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Сонымен қатар Путин мен Қытай басшылары Сириядағы жағдайды талқылауы мүмкін.

Өткен аптада Қытай мен Ресей наразылық танытушыларды басып жаншып жатқан Дамаскіге қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарастыратын БҰҰ қарарына вето қойған болатын.
XS
SM
MD
LG