Accessibility links

Тимошенко 7 жылға сотталды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко мен оның күйеуі және қызы Киевтегі сот барысында. 11 қазан 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко мен оның күйеуі және қызы Киевтегі сот барысында. 11 қазан 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен 7 жылға түрме жазасына кесілді. Бүгін Киевтегі сот осындай үкім шығарды.

Юлия Тимошенкоға "2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасаған кезде қызмет өкілетін асырып, "Украина нафтогазы" компаниясына 1,5 миллиард гривнаға (шамамен 190 миллион долларға жуық) зиян шектірді" деген айып тағылды.

Тимошенко өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамай, саяси қуғынның құрбаны болып отырғанын айтады.

Үкім оқылып жатқан кезде сот ғимараты алдында жиналған Тимошенконың жақтастарын Украина құқық органдары арнайы тобы бөгеп, ғимараттың ішіне жібермей тұрды.

2004 жылғы "Қызғылт-сары төңкерісі" жетекшілерінің бірі болған Тимошенко былтыр президент сайлауына Виктор Януковичтің қарсыласы ретінде түскен еді.
XS
SM
MD
LG