Accessibility links

Еуропа Одағының "қара тізіміне" 16 Беларусь шенеунігі енгізілді


Еуропа Одағы Беларусьтегі тағы 16 шенеунікке қарсы санкция енгізді. Бүгін жарияланған "қара тізімге" 2010 жылдың желтоқсан айында үкіметке қарсы шерушілерді басып-жаншуға қатысы бар адамдар енгізілген.

Адам құқықтары бойынша "Весна" ұйымының жетекшісі Алесь Беляцкийдің тұтқындалуына және оның қудалануына қатысы бар делінетін салық министрі Владимир Полуянға, судья Владимир Корновқа және прокурорлар - Максим Шестаков пен Ольга Герасимовичке шектеулер енгізіліп отыр.

Тамыз айында тұтқындалған Беляцкийге "салық төлеуден жалтарды" деген айып тағылған. Беляцкийдің жақтастары құқық қорғаушыға тағылған айыптардың саяси астары бар дейді. Егер ол айыпты деп танылса, жеті жылға қамалуы мүмкін.

"Весна" ұйымы Беларусьте бейбіт шеруге шыққан адамдардың қудаланып жатқаны туралы хабар таратып тұрған болатын.
XS
SM
MD
LG