Accessibility links

АҚШ-та "ұшақ жармақ болды" деген күдікке ілінген адамның соты басталды


Омар Фарук Абдулмуталлаб.
Омар Фарук Абдулмуталлаб.
АҚШ-тың Детройт қаласында Нигериялық 24 жастағы азамат Омар Фарук Абдулмуталлабқа қарсы сот процесі басталды.

2009 жылғы желтоқсанның 25-і күні Амстердам-Детройт бағытындағы жолаушы тасымалдайтын ұшақты жармақ болған деген күдікпен ұсталған ол азаматқа барлығы алты айып тағылып отыр.

Егер сот оны кінәлі деп тапса, Абдулмуталлаб өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін.

Алғашқы сот отырысында прокурор айыпкердің ұшаққа ішкиіміне жасырып алып кірген жарылғыш затты әуеде жармақ болғанын, бірақ жарылғыш затта ақау пайда болып, Абдулмуталлабтың ойы іске аспай қалғаны туралы айтты. Омар Фарук Абдулмуталлаб өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG