Accessibility links

Омар Фарук Абдулмуталлаб ұшақ жармақ болғанын мойындады


Омар Фарук Абдулмуталлаб.
Омар Фарук Абдулмуталлаб.
АҚШ-тың Детройт қаласында сәрсенбі күні басталған сот процесінде айыпкер - нигериялық азамат Омар Фарук Абдулмуталлаб өзіне тағылған айыпты мойындады.

Ол АҚШ қатысқан бірнеше оқиғалар барысында қаза тапқан мұсылмандар үшін кек алмақ болғанын мәлімдеп, өз іс-әрекетін "ислам үшін айып емес" деп түсіндірді.

Омар Фарук Абдулмуталлаб 2009 жылы желтоқсанның 25-і күні "Амстердам-Детройт бағытындағы жолаушылар ұшағын жармақ болды" деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу қорытындысында айыпкердің ұшаққа ішкиіміне жасырып алып кірген жарылғыш затты әуеде жармақ болғаны, бірақ жарылғыш затта ақау пайда болып, Абдулмуталлабтың ойы іске аспай қалған соң оны ұшақтағы жолаушылардың ұстап алғаны айтылады.

Сот Абдулмуталлабқа үкімді келер жылғы қаңтардың 12-сінде шығаруы тиіс. Ол террорлық шабуыл жасамақ болған әрекеті үшін өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG