Солтүстік Ирландиядағы Лондондерри қаласында жарылыс болғаны туралы хабарлады Би-би-си.
Жарылыс болатыны туралы полицияға белгісіз біреу телефон шалып, алдын ала ескерткен соң, сезікті жерден барлық адамдар басқа жаққа шығарылған. Содан кейін болған жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпеген деп хабарлады жергілікті полиция.
Бұған дейін Лондондерри 2013 жылы алғаш рет британ мәдениетінің қаласы болады деп жарияланған еді. Жарылыс осы шараға дайындықпен айналысатын комитеттің кеңсесі орналасқан маңда болған.
1972 жылы қаңтардың 30-ы күні Лондондерриде британ әскерилерінің атқан оғынан сол жерде 13 адам мерт болған еді. Халық аузында "қанды жексенбі" аталып кеткен бұл оқиға үшін 2010 жылы маусымның 15-де парламентте британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон үкімет пен ел атынан кешірім сұрады.