Accessibility links

Ресейдің Астрахань облысында Бөкей ханның кесенесі ашылды


Дала қыраны. (Көрнекі сурет)
Дала қыраны. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Астрахань облысындағы Кіші Арал ауылында қазанның 12-і күні Бөкей ханның кесенесі ашылды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Кесененің ашылу салтанатына жергілікті халықпен бірге Ресейдің Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин мен Қазақстанның Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев қатысып сөз сөйлеген.

Бұл жобаға қазақстандық кәсіпкерлер мен Атырау облыстық әкімшілігі қаржылай қолдау көрсеткен.

Бөкей хан қазақ тарихында XIX ғасырдың бас кезінде Бөкей ордасының негізін қалаған мемлекет қайраткері ретінде белгілі.
XS
SM
MD
LG