Accessibility links

Amnesty International: Ливияда Каддафидің жақтастарын қинап-азаптап жатыр


Amnesty International ұйымының логосы.
Адам құқын қорғаушы Amnesty International ұйымының мәліметінше, Ливия өтпелі үкімет күштерінің биліктен құлатылған Муаммар Каддафидің жағында шайқасты деген күдікпен тұтқындалғандарды қинап-азаптап жатқанына дәлел бар.

Аталмыш ұйымның бүгін жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, Каддафи үшін шайқасты делінген африкалықтар нысанаға алынып жатыр. Amnesty International Ливияның ұлттық өтпелі кеңесін кездейсоқ тұтқындаулар мен қинап-азаптау әрекеттерін тезарада тоқтатуға шақырды.

Халықаралық ұйым өз баяндамасын тамыз және қыркүйек айларында Ливия түрмелеріндегі 300-ге жуық тұтқынмен өткізген сұқбаттың негізінде жариялап отыр.

Ливия ұлттық өтпелі кеңесі бұл хабарды зерттеуге уәде етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG