Accessibility links

БҰҰ: Сирияда үкіметке қарсы шерулерде 3 мыңнан астам адам мерт болды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллай. Женева, 12 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллай. Женева, 12 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллайдың мәлімдеуінше, Сирияда үкіметке қарсы шерушілерді басып-жаншу кезінде қаза болғандардың саны 3 мыңнан асқан.

Нэви Пиллай халықаралық қауымдастықты Сирияда болуы мүмкін азаматтық соғыстың алдын-алуға шақырды. Соңғы күндері Сирия армиясын тастап кетіп жатқан сарбаздар мен офицерлердің саны көбейді.

Оппозициялық белсенділердің айтуынша, бейсенбі күні үкімет күштері мен армиядан кетіп қалғандардың арасындағы қақтығыстарда кемінде 20 адам қаза болған. Сирия үкіметі Хомс пен Идлиб қалаларындағы бұл шайқастарды растап, қауіпсіздік қызметінің 10 мүшесі мен бірнеше "қаруланған адамның" мерт болғандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG